Меню Закрыть

Жәнібеков Е. тұрғындармен кездесті

Бүгін 01.04.23ж сайлаушыларымның хабарласуына орай , А. Байтұрсынов көшесінің тұрғындарымен кездесу өткіздім, кездесуге Ақжар ауылдық округінің әкімі Ниязбеков Дәуітбек Қорғауұлыда қатысты. Сайлаушыларымның ұсыныс пікірлерін жеке жеке тыңдадық, Байтұрсынов көшесінің тазалығын жүргізуді бастапта кеткен екен , жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші тұрғандар өз маңайындағы қоқыстарды тазалап көше бойын таза ұстау өз міндетіміз деп Ержан ағамыз жақсы айтты. Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер көшеге құм төгіліп жол жасалса, қоршауы жетіспей тұрған бейіттердің маңайы қоршалса және балаларға арналған ойын алаңының төсенішін қалпына келтіруге көмек жасалса деген ұсыныстар болды. Ауыл әкімі Дәуітбек Қорғауұлы аталған мәселерді шешуге күш салатындығын жеткізді және тұрғындарды мал кезегін ұйымдастырып бағуға , бойдақ малдарды шама келсе таудағы бағымда ұстауға шақырды. Сайлаушылар тарапынан болған өтніштермен ұсыныстарды , алдағы сессияларда депутатық корпустың және есеп комиссиясының талқылауына салып , атқарушы органдармен бірлесе шешімін таба жатармыз. Зайсан қаласынан көшеттер әкелген жағдайда Ержан ағамыз көлігімен барып өзі жеткізіп беруге уәде етті. Бес шақырымдағы қоқысты өзіміз апарып төктік , ол жақтың қоқысында ауыл тұрғындары болып барып жинауға атсалысуымыз қәжет деп тұрғындар өз пікірлерінде айтты, ауыл тұрғындары болып бірлесе жұмыс жасасақ бәріде жақсы болады деген ойдамыз. Тазалықты әр біріміз өз маңаймыздан бастайық , баршаңызды Сәуір айы тазалық айында бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз.