Меню Закрыть

Тарбағатай ауданы бойынша №7 сайлау округі (Жамбыл, Шолақорда, Қарасу, Ақмектеп, Қарой) бойынша сайланған аудандық маслихат депутаты Демесинов Сұңғат Жұмабекұлының 1 жылғы атқарған жұмыстарының есебі

19 наурыз №7 сайлау округі бойынша сіздердің қолдауларыңыздың арқасында жеңіске жетіп депутат болдым. Одан бері аудандық мәслихатының 12 сессиясы өтті, оның 10- қатыстым. Мәслихат сессиясында ұсыныстар айтылды, соның ішінде Қарасу ауылының ішкі жолын асфальттау мәселесі, осы күнге дейін жарық шамдары тартылмаған 3 көшеге жарық шамдарын тарту ұсынылды, сонымен қатар Ақмектеп, Қарой ауылдарына балалар ойын алаңдарын салу, бұрын-соңды жарық шамдары орнатылмаған Жолқұрылыс елдімекеніне жарық тарту, Қарой ауылына жарық шамдарын қайта қалпына келтіру мақсатында қаражат қарастыру, Жамбыл ауылына мектептің спорт залы еденін айырбастауға аудандық білім бөлімінен 6 млн теңге қаражат қаралып, ауыл азаматтарымен біріге отырып бақылауда ұстап біршама жұмыстар атқарылды.

Жамбыл ауылының азаматының жеке өтінішімен мердігерді шақыртып Құйған ауылдық округінің әкімімен біріге отырып сапасыз салынған шағын футбол алаңының ақауларын қалпына келтірттік. Сонымен қатар Жамбыл ауылынан үй сұраған азаматтар мен азаматшалардың жеке өтініштері бойынша жұмыс жасалып үй кезегіне тіркелді. 

Құйған ауылдық округі әкімі Дайранов Бекболмен бірлесе отырып жеке демеушілік негізде Жамбыл-Құйған тас жолының 8 км құм төгіліп тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Шолақорда, Ақмектеп, Қарой ауылдарының тұрғындарының жеке өтініштері бойынша жұмыс жасалып «камхоз» мекемесімен бірлесе отырып уақытылы тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Қарасу ауылы бойынша көп балалы отбасылардан жергілікті жерге жұмысқа орналасуға өтініші негізінде аудандық білім бөлімімен және облыстық мәслихат депутаты Б. Нурпейсовпен бірге жұмыс жасалып өтініш берген азамат пен азаматшалар жұмыспен қамтылды. Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Нурланов Темірланмен біріге отырып ауылымыздағы жас ана жастар орталығына маман болып жұмысқа орналасты.

Қарасу ауылы бойынша облыстық ветенария бөлімі бастығы Серікқазы Садуақасовпен жұмыс жасалып Қарасу ауылы мал моласының ашық жерлері жөндетіліп жабылды.

Жер мәселесі бойынша Ақмектеп, Қарасу, Қарой елдімекендеріндегі тұрғындардың жермен (жайылымдық, шабындық) қамту мақсатында конкурсқа қатысу жолдарын және  бизнес план жасау жолдарын көрсетіп жер алуларына ықпал жасалды, жермен өтініш берген азаматтар қамтамасыз етілді. Жер мәселесі бойынша соның ішінде шабындық жер телімдерін алуға өтініш білдірген азаматтар өте көп.

Ақмектеп ауылы бойынша аудан әкімі Д. Жөргекбаевпен ақылдаса отырып өз орнына салынбай қалған Омск-Майқапшағай трассасындағы көпірге судың жиналып, мал өліміне себепші болып оған байланысты жұмыстар жүргізіліп «ҚазЖолСтрой» компаниясының техникаларымен жиналған суды  ашып арнасына салу жұмыстары жүргізілді. 

Ақмектеп ауылында 2 күн жарық өшіп «Омск-Майқапшағай» трассасының бойынан өтетін электр желісі жолдың биіктеуіне байланысты жолмен өтетін экскаватор тиеген траллдар үзіп кететін болғандықтан ауыл әкімі Муслимов Шалқармен бірлесе отырып облыс әкімі орынбасары Жұмаділов Нұржанға хабарласып «Син-син» компаниясының өкілдерімен келіссөз жүргізіліп, жолды жауып жеке келісімшарт негізінде электр бағаны ауыстырылғанша айналма жолмен жүруге қалдырылатын болып келісілді.

Ақсуат ауданы бойынша «Тана мырза» ауылына 12 км жол жөндеу барысында «КазТехСтрой» компаниясы Тәуке-Ақмектеп-Қарасу-Ақсуат арасында 40 т ауыр жүк көліктерімен жол материалын тасымалдап жолды бұзды. Осы мәселе бойынша аудан әкімі ұсынысы бойынша жұмыс жасалып, «КазТехСтрой» компаниясы жолдың бүлінген жерлерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді, аның барысын тікелей бақылауда ұстадым.

Ақмектеп-Шолақорда медициналық пункттерін салу барысында аудандық мәслихат депутаты Қанағатов Өмірхан, Нұрпейсов Болат мырзалармен бірлесіп бақылау жасалынды. Сондай-ақ Қарасу ауылында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша аудан әкімі орынбасары Талант Бақытбекұлымен бірлесе жұмыс жасап үйлердің сапалы салынуына ықпал жасалды. Осы үйге кірген тұрғындарынан үйдің төбесін қалыңдату туралы өтініш түсті, осы бойынша көктемде мердігер жұмыс жасайтынын хабарлады.

Қарасу, Ақмектеп көшесінің жарықшамдарының орнатылу барысына толық бақылау жасадым, мердігер сметадан тыс бағаналар орнатып жарық қойып берді.

Менің ұсынысым негізінде аудан әкімі Д. Жөргекбаев Қарасуға балалар ойын алаңына, ауыл ішінде бой көтерген саябаққа қаражат қарастырып берді.  Қарасу ауылының балалар ойын алаңының салынуында басы қасында бақылау жасап қоса жүрдім. Осы балалар алаңына Қарасу ауылының жарық тартқан тартқан мердігер 3 жарықшамын орнатып берді.

Жалпы мен депутат болғалы тұрғындардан жеке және Tarbagatai.kz сайты арқылы  16 өтініш, жеке 18 өтініш, e.otitnish.gov.kz арқылы 1 депутаттық сауал жолданды. жиыны 35 өтініш түсіп жұмыс жасалды. (Оның барлығы жеке өтініштерді тіркеу журналымда тіркеулі тұр) Осы өтініш негізінде депутаттық сауалдар жолданып тиісті мекемелерден жауаптар алынды. Өтініштердің 30%  пайызы шешімін таба алмады. Шешілмеген өтініштердің көбі Ақжар-Алматы, Ақжар – Астана бағытында жүретін автобустардың билетінің қымбаттылығы болды. Ақжар ауылында көпшілік орында қоғамдық әжетханалардың болмауы  жөнінде Ақжар ауылдық округі әкімі Д. Ниязбековке, ЖКХ ға жолданған, ол орындардан жауап келген жоқ. 

Алдағы уақытта өзімнің сайлауалды бағдарламам бойынша және осы бағыт бойынша мәслихат төрағасы Қанағатов Өмірханмен бірлесе отырып Қарасу, Ақмектеп ауылдарының ішкі жолдарын асфальттау жұмыстарын жүргізуге аудан басшылығымен жұмыс жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар Жамбыл ауылына балалар ойын алаңы бойынша жұмыс атқарсақ деген жоспарларымыз бар.

Құрметті ауыл тұрғындары! Жеке сауалдарыңыз болса, мәселелер туындаса  Tarbagatai.kz сайты бойынша өтініш қалдыруыңызға, жеке қабылдауға жазылуларыңызға болады. Сонымен қатар + 7 (776) 413-00-04 Whatsapp нөміріне жазбаша өтініш жіберулеріңізге болады. Өтініш жазғанда өз аты-жөндеріңізді, мекен-жайларыңызды, телефон нөмірлеріңізді қалдыруларыңызды, өз аттарыңызбен шығуды сұраймын. Анонимдік арыз-шағымдар мен өтініштер ҚР заңы бойынша қабылданбайды. Бірлікте бірлесе отырып жұмыс жасап, ауылымыздың, ауданымыздың көркейіп дамуына жұмыс жасайық, мен сіздермен әрқашанда біргемін.

Тарбағатай ауданы бойынша №7 сайлау округі (Жамбыл, Шолақорда, Қарасу, Ақмектеп Қарой) бойынша сайланған аудандық маслихат депутаты Демесинов Сұңғат Жұмабекұлы