Меню Закрыть

«Толағай» ықшам ауданындағы жаңа үйдің әлегі

  
 08.04.2023 күні сайлаушыларымнан түскен өтініштерге  байланысты "Толағай" ықшам ауданын аралап тұрғындармен кездестім. Қабдешов көшесі № 2/б,44/а,44/б,38/а,46/б  бұл үйлер 2021 жылы эксплуатацияға берілген алайда кейбір үй жалдаушылар 2022 жылы ғана кірген, ал Р.Қ есімді үй жалдаушы әлі күнге дейін кіре алмай отыр, оның себебі үйдің қабырғалары айырылған бір см-ге дейін жарық.Аралаған барлық үйлерде қабырғаларында жарықтар пайда болған,төбеден су аққан, төбенің жұқалығы, терезелерінен жел ұрып тұр оны скотчтап қойған, көп үйдің электр тоғы дұрыс тартылмағаннан "замыкание" тоқтың напряжениясы аз оның бәрін көзбен көрдім, пештің тартымы нашар көмейлері тез бітеліп  күлдің иісі шығып тұр, ұсақ көмір мүлдем жанбайды тек кесек ғана жанатынын баяндап берді  үй жалдаушылар. Кейбіреуі қыста бөлмелердің суығынан екі бөлмені жауып тастағанын алдыға тартты.Кезекке тұрып жаңа үй алғандарына  қуанғандары су сепкендей болған аяқталмаған жұмыстарды өз қаражаттарына жасатқан. Қабырғадағы жарықтарды жамауда. Ал слив, таза су тартқызу сметалық жобада бар жоға белгісіз! Алдағы уақытта осы мәселемен айналысамын.2022 жылы берілген Толағай көшесінің ең бірінші үйі бос тұр ешкім қоңыстанбаған,ол үйде тұру мүмкін емес деп есептеймін себебі сыртқы қабырғалары жарылған. Сол берілген үйлердің екеуіне кіріп шыққанда анықтағаным қабырғаларында жарықтар пайда болған.

                   https://www.facebook.com/profile.php?id=100033034634504